Атырауда бес жасар егіз қыз терезеден құлап кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда бес жасар егіз қыз терезеден құлап кетті Фото: elements.envato.com

Атырауда Нұрсая ықшамауданында егіз қыз үшінші қабаттың терезесінен құлап кетті. Олар жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл осындай екі жағдай тіркелген. Үш бала әртүрлі дене жарақатын алған (2021 жылы – төрт жағдай, оның ішінде үш бала жарақат алды, екеуі қайтыс болды).

"27 маусымда сағат 22:10-да "Нұрсая" ықшамауданында ересектердің қарауынсыз (анасы көрші бөлмеде болған) торға сүйеніп отырған 2017 жылғы егіз қыз үшінші қабаттағы терезеден құлап кеткені хабарланды. Олар ауыр жарақаттармен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course up  583.73  course up  6.41  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети