31 мамыр 2015 20:00

Атырауда бес қабатты жатақхананың бір бөлігі опырылып құлап түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Рахима Қойлыбаева © Рахима Қойлыбаева

Атырауда бес қабатты жатақхананың бір бөлігі опырылып құлап түсті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.


Атырауда бес қабатты жатақхананың бір бөлігі опырылып құлап түсті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.

Отбасылық типтегі жатақхана Баймұханов көшесінің бойында орналасқан. Құтқарушылардың айтуынша, түскі уақытта жатақхана тұрғындары ТЖ департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, үйдің қабырғасында сызат пайда болғанын айтқан.

"Үйден ондаған адам эвакуацияланды. Эвакуациядан кейін жарты сағаттан соң үйдің екі қабаты, 15-20 минуттан соң үшінші қабаты құлады", - деді департаменттегілер.

Дер кезінде эвакуациялаудың нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар болмады.

Ведомствоның хабарлауынша, 100 бөлмелі жатақханада нақты неше адам тұратыны әзірше белгісіз. 

Баспаналарынан айырылған тұрғындар жергілікті жатақханалардың біріне уақытша көшірілді. Қазір ғимарат маңын полицейлер қоршауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети