06 қазан 2017 | 08:44

Атырауда бір ай бұрын жоғалған бала өлі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында 15 жастағы жасөспірім Асылбек Хамроев өлі табылды. Ол - Өзбекстанның Бұқар облысындағы Дондор ауданының тумасы. Ол шамамен бір ай бұрын жоғалып кеткен. Бұл туралы Ц-1 порталы хабарлады. 


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысында 15 жастағы жасөспірім Асылбек Хамроев өлі табылды. Ол - Өзбекстанның Бұқар облысындағы Дондор ауданының тумасы. Ол шамамен бір ай бұрын жоғалып кеткен. Бұл туралы Ц-1 порталы хабарлады. 

Ол Жылыой ауданындағы Бекжал ауылында орналасқан асхана шаруашылығында жұмыс істейтін шешесін шығарып салған. Тамызда анасы Өзбекстанға кетуге мәжбүр болған, ал ұлын ферма иесіне қалдырған. 

9 қыркүйекте қайтып келген анасы ферма иесінің бауырынан Асылбектің 2 қыркүйекте кетіп қалғанын, бірақ алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтқан. Осылайша ол баланың анасын полицияға хабар бермеуге көндірген. 


Асылбек шешесі Умидамен. Жеке архивтен

"Біраз уақыт өткен соң шешесі полицияға ақыры хабар берген. Алайда арыз түскен уақыттан бері істің тергеуі баяу жүрген, оның үстіне Умида Хамроеваның паспортын тәркілеп қойған", - делінген мақалада. 


Асылбек қыркүйек айының басында жоғалған. Жеке архивтен

Басылымның мәліметінше, соңғы күндері Қазақстанға Өзбекстанның Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасынан Асылбекті іздестіруге қолғабыс ету туралы өтініш түскен. 

"Ташкенттің қысымы іске асқаны анық, бірақ бәрі де кеш...", - деп жазады портал. 

Асылбектің мәйіті 5 қазанда Атырау облысындағы Жылыой ауданынан өтетін су арнасының маңынан табылған. Баланың шешесі зар жылап қалды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети