22 қыркүйек 2016 12:41

Атырауда екі жігіт жол бойында Lada жүргізушісін ұрып-соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кадрдан үзінді Кадрдан үзінді

Атырауда екі жігіт жол бойында Lada жүргізушісін көліктің салонынан шығарып алып, ұрып-соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Атырауда екі жігіт жол бойында Lada жүргізушісін көліктің салонынан шығарып алып, ұрып-соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жігіттердің жол бойындағы қақтығыстың видеосын ұялы телефонға түсіріп алған тұрғын редакцияға хабарласты. Куәгер оқиғаның осы жылдың 16 қыркүйегінде болғанын айтады. Алайда ол жанжалдың неден шыққанын білмейді.

Төбелестің неден шыққанын полицейлер де әзірше білмейді. Алайда Атырау облыстық ІІД төбелеске қатысқан жігіттердің кім екендігін анықтаған. "Біз дене жарақатын алып, ауруханаға барған адамдардың тізімін қарап шықтық, алайда ондай адамдар базада жоқ. Сонымен қатар, біздің қызметкерлер жәбір көрген адамның көлігінің кімге тиесілі екенін анықтаған. Жігіттің үйіне барғанымызда, ол үйінде болмай шықты, жұмыста екен. Біз оған шақырту қағазын тастап кеттік. Алайда ол арыз жазсын-жазбасын біз сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша іс қозғаймыз, - деді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети