Атырауда ер адам түн ішінде көпірден секірмек болған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ер адам түн ішінде көпірден секірмек болған Polisia.kz

Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраулық полицейлер түн ішінде көпірден секірмек болған ер адамды құтқарды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, 21 тамызда түнгі сағат 02:45 шамасында 102-ге белгісіз адам "Жұмыскер - Балықшы" көпірінен суға секірейін деп жатқаны туралы хабарлама түскен. ЖБО қызметкерлері навигатор радиоқабылдағыш арқылы дереу жақын маңдағы экипаждарға бағыттама берген.

Жақын маңда жүрген Батыс-24 экипажының қызметкерлері - полиция аға лейтенанты Темірлан Сахиполлаев пен полиция капитаны Дамир Аманов оқиға орнына жетіп, өз-өзіне қол жұмсау мақсатында көпірден секіргісі келген 1989 жылы туған қала тұрғынын анықтаған.

Жедел әрекет еткен полицейлер төрт минут ішінде келіссөз жүргізіп, көпірден секірмек болған азаматты өз еркімен көпірден кері шығуға көндірген. Сараптамаға жеткізілген соң оның "жеңіл дәрежеде" мас екені анықталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети