Атырауда туысының үйін өртемек болған ер адамға қатысты сот отрысы өтті, - деп хабарлайды "Мой Город".
Атырауда туысының үйін өртемек болған ер адамға қатысты сот отрысы өтті, - деп хабарлайды "Мой Город".
Іс Атырау қаласының Әкімшілік істер бойынша мамандырылған сотында қаралып, ер адамға ҚР ӘҚБК-нің 434-бабының 1-тарауы "Ұсақ бұзақылық" бойынша айыбы тағылды. Сот барысында оқиға 2018 жылдың наурызында Черная речка ықшамауданында болғаны айтылды.
Іс материалынан жергілікті тұрғын өзіне туыс болып келетін әйелге зияндық жасап, ауласының сыртындағы құрылыс материалдарына бензин құйған. Осының салдарынан өрт шыққан. "Сот үкімі бойынша ер адам кінәлі деп танылып, оған 12025 теңге айыппұл салынды", - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметінің өкілдері.