Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыра жаздады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда иесіз жүрген жылқы дәмхана әйнегін сындыра жаздады Фото: КТК

Атырау қаласының тұрғындары төрт түліктің көше кезіп жүретіні туралы бірнеше рет шағымданған еді. Ал бүгін Іnstagram желісінде иесіз жүрген жылқының дәмхана әйнегін тепкілеп тұрғаны түсірілген видео тарады, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Желі қолданушыларының пікірі бойынша, бұл оқиға Жылыой ауданының орталығы - Құлсары қаласында болған. Ал дәмхана моноқаланың үшінші шағынауданында орналасқан. Ол кезде дәмхананың жұмыс істегені не жабық тұрғаны белгісіз.

Видеоға байланысты желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп жатыр. Алайда көшеде жүрген жылқының иесі әлі табылмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети