Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жаңа туған нәрестені еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр © azh.kz

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "АқЖайық".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сәбиді еденге түсіріп алу дерегіне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды "АқЖайық".

Басылым мәліметінше, дәрігерлер баланың жағдайы жаман емес екенін айтқан.

Қала тұрғыны Әнуар Жұмабайдың айтуынша, әйелінің сіңлісі босанған соң 2 күннен кейін босанған әйелдермен бірге рентгенге түсуге шақырылған. Палатада төрт әйел болған. Алдымен екі әйелді, кейін тағы біреуін шақырған. Осылайша, босанғаннан кейін өз-өзіне келіп үлгермеген, өзі әрең қозғалатын бір әйел балаларға қарап қалған. Бір бала қатты жылап, келіншек оны қолына алып, жұбатуға тырысқан. Жұбата алмаған соң медбикелер мен дәрігерлерді шақыруға барған. Ешкім келмеген. Бір кезде әйелдің жағдайы нашарлап, баланы еденге түсіріп алған. Осыдан кейін де әйел мен балаға көмекке медбикелер емес, санитар келген екен. Бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Біз полициямен бірге келгенше екі сағат бойы балаға көмек көрсетілмеді, жансақтау бөліміне жатқызылмады, баланы тексермеді. Қызметкерлер ештеңе болмағандай кейіп танытты, бәрі "не болды?" деп кері сұрақ қойды. Бастапқыда баланың жағдайы жақсы екенін айтты. Орталық қызметкері анасына баламен бірге КТ-ға баруға болмайтынын айтты. Біз наразылық білдіргенде, тағы бір қызметкер ана жаңа туған нәрестемен бірге жүруі керек екенін растады. Бүгін нәрестеге қан құю керек екенін, ол кеше жансақтауға түспегенде, одан айырылып қалуымыз мүмкін екенін айтты. Орталық басшылығы зардап шеккен баланың анасымен сөйлеспей отыр. Ал анасына қазір баласының жағдайы қалай екенін, қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айту үшін қолдау керек", - дейді зардап шеккендердің туысы Әнуар Жұмабай.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Ең бастысы, бала аман. Тексеру және КТ нәтижесінде айтарлықтай кінәрат анықталмады. Бірақ қазір бұл істі тексеру үшін комиссия құрылды", - деді Асхан Байдувалиев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети