06 мамыр 2023 09:10

Атырауда жаңа тұрғын үй кешенінің шатыры өртенді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: AtyrauPress.

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Бұл - жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешені, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда 10 қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді. Бұл - жаңадан пайдалануға берілген тұрғын үй кешені, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2023 жылғы 5 мамыр күні 19:22 сағатта Атыраудағы Махамбет Өтемісов көшесінде орналасқан 10 қабатты "Лагуна" тұрғын үй кешенінің шатыр бөлігінде өрт шықты.

"Үйдің жалпы ауданы 1 500 шаршы метр, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілер дереу шақырту орнына жетіп, өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді", - деп хабарлады Атырау облысы төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.

Реклама
Реклама

1 сағаттың ішінде өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге Атырау облысы 50 құтқарушы мен 11 техника жұмылдырылды.

Ал полицияның хабарлауынша, тұрғын үй кешенінен 25 адам эвакуацияланып, қауіпсіз жерге шығарылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram