Атырауда жасөспірім тепловоз астына түсіп қаза тапты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жасөспірім тепловоз астына түсіп қаза тапты Фото: ©️ Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Атырауда Ақжайық пен Теңдік станциялары арасында 17 жастағы жасөспірім тепловоздың астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Ақжайық пен Теңдік станциялары арасында 17 жастағы жасөспірім тепловоздың астына түсіп қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақжайық" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, оқиға 6 шілдеде болған. Колледж студенті теміржолды кесіп өтіп бара жатқан, машинист жылдамдықты азайта бастаған, бірақ үлгермеген. Жәбірленуші жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімі ҚК-нің 344-бабы 2-бөлігі "Абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу" бойынша соталды тергеуін бастады.

Қазір іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети