1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Атырауда жол жөндеушілердің шәйнегі жұртты күлдірді 09 қыркүйек 2021, 09:05

Балықшы ауылындағы көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жолдың жарылған жерлеріне шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатқан видеосы
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© azh.kz © azh.kz

Балықшы ауылындағы көпірді жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жолдың жарылған жерлеріне шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатқан видеосы тарады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Портал мәліметінше, 13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған. Алайда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты "күмән келтіре" бастаған. 

"Жөндеуді осылай жасайды. Супер!", - деп мысқылдайды бейнежазба авторы.

Ал әлеуметтік желідегі кейбір пікірлердің арасында бұл шәйнек қанша миллион тұрады және оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба деген сұрақ кездеседі.

"Ақ Жайыққа" қала әкімдігінен әзірге ресми жауап келмеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram