12 мамыр 2015 13:45

Атырауда қатты жауынның салдарынан 12 үй су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі Атырау облысы ІІД баспасөз қызметі

Атырауда қатты жауынның салдарынан 12 үйді су басты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 15 үйден 32 тұрғын эвакуацияланды. Тағы екі ғимараттың тұрғындарын эвакуациялау жоспарланып отыр. Баспасөз қызметі су басу дерегі бойынша жергілікті билік шұғыл штаб құрғанын хабарлады.

ТЖД хабарлауынша, қатты жауын облыс аймағында 11 мамырда болған. Табиғи апаттың салдарын жоюға 35 техника: КамАЗ  СпецАвтоБаза" КМК, ГАЗ-53, 15 ГАЗ-53 базасында  "Атырау Су Арнасы" КМК бригадасының 5 вакуумі,  "СП и АСР" ММ (СПЧ-1, ПЧ-2, ПЧ-1) жеке құрамынан 13 техника мен 35 адам, екі "ЗРАОСО" ММ техникасы мен 8 құтқарушы, Атырау облыстық ТЖД тобының 15 қызметкері жұмылдырылды. "Су басу салдарынан жәбірленгендер мен қаза болғандар жоқ. Су басып қалған үйлерден суды тартып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 23 үйден су тартып алынды", - делінген баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, осыған дейін Павлодар облысындағы үйлердің су астында қалғаны хабарланған болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жеке сектор мен Ақсу ауылындағы жиырмаға жуық үйді су басқан. Жергілікті билік өкілдері құрылысшылар республикалық "Омск-Майқапшағай" жолын тұрғызу кезінде су өткізетін құбыр төсемегенін мәлімдеді. Нәтижесінде үйлерді топан су басты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети