Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан шахтаның лифтіне құлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда қайғылы оқиға: Екі жасөспірім 15-қабаттан шахтаның лифтіне құлап кеткен © Атыраудың азаматтық қорғау басқармасы

21 мамырда кешкі уақытта Атыраудағы Алмагүл ықшамауданында қайғылы жағдай болды. Екі жасөспірім абайсызда 15-қабаттан шахтаның жүк тасымалдайтын лифтіне құлап кеткен. Бұл туралы Атыраудың Азаматтық қорғау басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай №19 үйде болған. Зардап шеккендердің бірі оқиға орнында қаза болған. Ал екінші жасөспірім, расталмаған мәліметтерге қарағанда, кейінірек облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған.

"Жүк тасымалдайтын бұл лифт жұмыс істемей тұрған. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Instagram желісіндегі atyrau_video парақшасында жарияланған видеода оқиға болған жерге бірнеше жедел жәрдем мен полиция көліктерінің келгенін көруге болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети