02 сәуір 2019 11:44

Атырауда мас жүргізуші дүкенді қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Атырау облысында мас жүргізуші жол апатына ұшырады, көлік салонында жүргізушінің балалары болған. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Назымгүл Қайсағалиева мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға наурыздың 29-на қараған түні Атырау қаласында болды. 

"Toyota Hiace маркалы автокөліктің жүргізушісі Азаттық көшесімен кетіп бара жатқан. Бір бағытта онымен бірге Nissan Maxima қозғалған. Әуезов және Азаттық көшелерінің қиылысындағы айналма жолда Toyota Hilux жүргізушісі басқаруды игере алмай, Nissan Maxima автокөлігін соққан. Ары қарай көкөніс сататын павильонды қиратқан. 1986 жылғы жүргізуші көлікті мас күйде жүргізген. Сонымен қатар, көлікте оның жары мен екі баласы (2012 және 2015 жылғы) отырған. Балалардың бірі ауруханаға түсті, сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Медициналық қорытынды шыққанан кейін шара қолданылады", - деді Назымгүл Қайсағалиева. 

Видеода көлікте отырған әйелдің жүргізушіден тоқтауын сұрап, жолға қарауын өтінген. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети