28 желтоқсан 2016 13:20

Атырауда облыстық мәслихаттың 32 жастағы депутаты қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асқар Бопылдықов © Facebook Асқар Бопылдықов © Facebook

Атырауда облыстық мәслихаттың депутаты, Атырау облыстық "Жас Отан" филиалының басшысы Асқар Бопылдықов қайтыс болды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz тілшісіне оның әріптесі Юрий Кустадинчев растады.

Асқар Бопылдықовтың ұзаққа созылған аурудан қайтыс болғаны белгілі болды. Жерлеу рәсімі 30 желтоқсанда туған жерінде өтеді. Марқұмның жолдастары оның Facebook желісіндегі парақшасында көңіл айтып жатыр.

Бопылдықов Асқар Төребайұлы 1984 жылы 19 желтоқсанда Атырау облысы Махамбет ауданы Ақжайық ауылында дүниеге келген. 2013 жылдан бастап Атырау облыстық "Жас Отан" жастар ұйымын басқарған. Үйленген, артында екі баласы қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети