04 желтоқсан 2022 | 15:17

Атырауда оқушы суға батқан балаларды құтқарып қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Атырауда 8 жастағы оқушы суға батқан балаларды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атырауда 8 жастағы оқушы суға батқан балаларды құтқарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқушы Дінмұхаммед Жаңбырбай батыл әрекет жасаған. 3 желтоқсанда Жұмыскер көпірі маңында 2008 жылы туған және 2013 жылы туған екі жасөспірім мұз үстінде ойнап жүрген. Кенет мұз ойылып, балалар суға түсіп кеткен. Оны байқаған Дінмұхаммед еш ойланбастан балаларды судан шығарып алған.

"Суға батып бара жатқан балаларды көргенде, бар ойым оларды құтқарып қалу болды. Судың ағыны қатты болды, уақыт та өте тығыз еді. Мұздың ойығына жүгіріп жетіп, балаларды судан шығарып алдым. Оларды құтқару үшін қолымнан келгенді жасадым", - дейді ол.

Оқиға орнына жеткен полицейлер балаларға көмектесіп, ата-аналарына аман-есен тапсырды.

"Баламды ажалдан құтқарған Дінмұхаммедке ержүрек әрекеті үшін алғыс білдіремін. Ол болмағанда бұның соңы қайғылы жағдаймен аяқталушы ме еді?! Осындай батылдығы үшін ол зор құрметке лайық. Ержүрек қасиетке баулап өсірген ата-анасына да үлкен рақмет! Дені сау болып, аман өссін", - дейді 9 жастағы жасөспірімнің анасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети