Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырауда әйел адам келінін балағаттағаны үшін айыпталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен құқықбұзушы азамтшаға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Әйел 2016 жылдың қыркүйек айында бұрынғы келінінің ар-намысына тиетін дөрекі сөздер айтып, былапыт сөйлеп, яғни, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, жеке тұлғаның тыныштығын бұзып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сот істің мән-жайларын зерттеп, сот әйел адамды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 21 210 теңге айыппұл салды. Сот қаулысы заңды күшіне енді.