Атырауда педагогтың өз қызын зорлағаны расталмады, - деп хабарлайды "Ақжайық" облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Зылиха Дүйсекеноваға сілтеме жасап. Еске сала кетейік, бұған дейін ақпарат құралдары Атырау тұрғынының өз ағасын жиенімді зорлады деп айыптағанын хабарлаған еді.

"Бізге қыздың туыстары арыз жазбады. Басқармаға құқық қорғау органдарынан дабыл түсті, біз арнайы комиссия құрдық, психологтарды тарттық, қызбен бірнеше рет әңгімелестік. Мен онымен жеке сөйлестім. Қыз бала жастайынан ата-анасынан бөлек тұрған. Қазір ол жоғарғы сыныпта оқиды. Тергеудің нәтижесінде зорлық-зомбылық дерегі расталмады, бізге басқармаға құқық қорғау органдарынан бұл туралы ресми хат келіп түсті", - деді Дүйсекенова.
Ол қыз баланың бұрынғысынша өз әкесін айыптайтынын айтты. "Ол әлі де болса, әкем мені зорлады деп отыр. Бірақ тергеудің қорытындысы зорлау әрекетінің болмағанын дәлелдеді", - деді ол. Еске сала кетейік, 11-сынып оқушысының тәтесі бұл қызды педагог әкесінің бірнеше жылдан бері зорлап келе жатқанын айтқан еді. Қыздың әжесі бұл әңгімені растады. Оның айтуынша, ұлы немересінің өмірін талақ етті. "Ол өз қызының өмірін бұзды! Әркім өз әрекеті үшін жауап беруі тиіс", - деді ол. Қыздың тәтесінің айтуынша, өз қызын зорлаған мұның ағасы мектепте жұмыс істеп жүр.