Атырауда полициядан қашқан жүргізуші өзенге секіріп кетті

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полициядан қашқан жүргізуші өзенге секіріп кетті Фото: Tengrinews.kz

Атырауда мас жүргізуші полицейлерден қашып, өзенге секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда мас жүргізуші полицейлерден қашып, өзенге секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлерден қашпақ болған "Лада Приора" көлігінің жүргізушісі өзенге секіріп кеткен. Владимирский мен Ғұмаров көшелері қиылысында күмәнді көлік полицейлер назарына іліккен.

"Көлікті тоқтатқан кезде жүргізуші Авангард 4-ықшамауданындағы үйлердің біріне тоқтап, көліктен түсіп, көпірге қарай жүгіре жөнелген. Көлік жүргізушісі Жайық өзеніне жүгіріп барып, суға секіріп кетті", - деді полиция өкілдері.

Патрульдік полиция инспекторлары полиция аға лейтенанты Жексенбек Нұрымов пен оның әріптесі полиция лейтенанты Сақауов Данабек құқықбұзушыны ұстады.

Көлік құралын басқару құқығы жоқ (бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған) 33 жастағы ер адам көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болған. Ол "көп арақ ішкен едім" деп ақталып, полицейлерді көргенде қашпақ болғанын айтқан.

Айта кетейік, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігі, 595-бабы 1-бөлігі, 601-бабы 1-бөлігі, 613-бабы 3-бөлігі 1-тармағы, 612-бабы 1-бөлігі, 590-бабы 7-бөлігі бойынша хаттама толтырылған. Жиналған құжаттар сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети