01 ақпан 2017 09:22

Атырауда прокурордың бұрынғы көмекшісі өзін-өзі өртеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© azh.kz © azh.kz

Атырауда облыстық прокуратура ғимаратының алдында облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадиярова өзін-өзі өртеді, - деп хабаралайды "Ақ Жайық" дереккөздерге сілтеме жасап. Ол пара алды деген күдікке ілінген.


Атырауда облыстық прокуратура ғимаратының алдында облыс прокурорының бұрынғы көмекшісі Лейла Смадиярова өзін-өзі өртеді, - деп хабаралайды "Ақ Жайық" дереккөздерге сілтеме жасап. Ол пара алды деген күдікке ілінген.

Дереккөздің мәліметінше, оқиға 31 қаңтарда түскі уақытта болған. 37 жастағы Смадиярова облыстық ауруханаға бет және аяқ күйігімен түскен. Дәрігерлер оның жағдайын "ауыр емес" деп бағалап отыр. Ол есін біледі. "Ешкіммен сөйлескісі келмей отырған науқастың моральдық жағдайын есепке ала отырып, біз оны уақытша оқшауладық", - деді облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Алуадин Нұрбердиев.

Еске салайық, Атырау облысы прокурорының бұрынғы көмекшісі 2016 жылдың тамызынан бері үйқамақта болған. Ол ұсталғандардың, қамауға алынғандардың және қылмыстық жаза өтеп жатқандардың құқықтарын сақтау саласында жұмыс істеген. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабында ("Пара алу") қарастырылған қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Смадиярова өзіне тағылған айыптармен келіспей, жала жабылды дейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети