Атырауда Нұрсая ықшамауданындағы "Сарайшық" коммуналдық базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Атырауда Нұрсая ықшамауданындағы "Сарайшық" коммуналдық базарынан өрт шықты, - деп хабарлайды "Ақ Жайық".
Өрт туралы хабарлама ТЖД пультіне түнде түскен. "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің кезекші операторы Қуанбек Рапигулаевтың айтуынша, оқиға орнына жеткен өртсөндірушілер азық-түлік бөлімінде 13 тоңазытқыш-витринаның өртеніп кеткенін анықтады. Өрт толықтай сөндірілді.
Базардың әкімшісі Нұржамал Толқынбаеваның айтуынша, өрт қысқа тұйықталудан шыққан болуы мүмкін. "Базарды жапқан кезде барлығын тексердік, тоңазытқыштар дұрыс жұмыс істеп тұрды. Ғимараттың ішінде екі банкомат бар - "Халық банкі" және "Цесна", сонымен қатар терминалдар да бар. Дегенмен өрт терминалдардан шыққан жоқ. Оларды токтан ажыратып кеткенбіз. Газ жоқ, шамасы ауа райынан болар. Бізде үнемі ыстық болып тұрады. Тоңазытқыштар үнемі жұмыс істеп тұрады, электр желілеріне жүктеме көп түседі", - деді ол.
Фото с сайта azh.kz