Атырауда төбелестен кейін шенеунік комаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда төбелестен кейін шенеунік комаға түсті Фото:depositphotos.com

Атырау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары төбелестен кейін комаға түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

БАҚ пен әлеуметтік желілерде облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары төбелес кезінде зардап шегіп, комаға түскені туралы ақпарат тарады. Оқиға 28 қаңтарда Атыраудағы ойын-сауық орындарының бірінде болған деген болжам бар.

Жанжалға прокуратура қызметкері мен Атырау облысы МКД қызметкерлері қатысты болуы мүмкін екені айтылған.

Tengrinews.kz тілшілері бұл жағдайға қатысты пікір алу үшін Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметіне жүгінді. Олар төбелеске прокуратура қызметкерінің қатысуына қатысты пікір білдірді.

"Атырау облысы Полиция департаменті мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінің дене жарақатын алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Барлық мән-жайларды, соның ішінде прокуратура қызметкерлерінің қатысын анықтау мақсатында Бас көлік прокуратурасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", – деп мәлімдеді Tengrinews.kz сайтына Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әльмира Бекжан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети