Атырауда тұрғын полицеймен төбелесті

Дина Шарипханова Корреспондент
Атырауда тұрғын полицеймен төбелесті Видеодан алынған

Атырауда полицей мен ер адамның арасындағы төбелес видеоға түсірілді. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырауда полицей мен ер адамның арасындағы төбелес видеоға түсірілді. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 шілдеде сағат 19.52 шамасында құқық қорғау органдарына 1984 жылғы Атырау қаласының тұрғыны хабарласқан. Ол қала дүкендерінің бірінде мас бейтаныс адаммен арасында келіспеушілік туғанын хабарлаған. 1985 жылы туған ер адам әкімшілік хаттама толтыру кезінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") және ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабы 1 бөлігі ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама