1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Атырауда тұрғын полицеймен төбелесті 07 шілде 2021, 15:55

Атырауда полицей мен ер адамның арасындағы төбелес видеоға түсірілді. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған Видеодан алынған

Атырауда полицей мен ер адамның арасындағы төбелес видеоға түсірілді. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 3 шілдеде сағат 19.52 шамасында құқық қорғау органдарына 1984 жылғы Атырау қаласының тұрғыны хабарласқан. Ол қала дүкендерінің бірінде мас бейтаныс адаммен арасында келіспеушілік туғанын хабарлаған. 1985 жылы туған ер адам әкімшілік хаттама толтыру кезінде полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен.

"Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы 3 бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1 бөлігі ("Ұсақ бұзақылық") және ҚР ӘҚБтК-нің 667 бабы 1 бөлігі ("Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау") бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 36 жастағы азамат 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 14 585 теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген полиция хабарламасында.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Атырау полициясы (@police_atyrau06)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram