Қостанайда автотұрақ құрылысына Рудныйдың бүкіл бюджетінен 13 есе көп қаражат бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда автотұрақ құрылысына Рудныйдың бүкіл бюджетінен 13 есе көп қаражат бөлінді Фото: "Біздің Газет"

Қостанайда салынып жатқан "Осьминог" аквапаркі жанынан жүздеген миллион теңгеге автотұрақ салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengri Auto "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.


Қостанайда салынып жатқан "Осьминог" аквапаркі жанынан жүздеген миллион теңгеге автотұрақ салу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Tengri Auto "Наша газета" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, құрылыс басқармасына аквапарк үшін шамамен 1,5 миллиард теңге, ал оның жанындағы тұрақ аймағының құрылысына тағы 387 миллион теңге бөлінген.

"Аквапарк құрылысы мен аумақты абаттандыру - екі бөлек жоба, оларды біріктіру мүмкін емес. Бұл аумақтарды ретке келтіру қажет, өйткені мұнда бір мезгілде 500 адам болады. Сондықтан олардың көлік қоятын жері болуы керек екені түсінікті", - деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

"НГ" тілшісі көршілес Рудный қаласының "даму бюджеті" небәрі 29 миллион теңгеден сәл ғана асатынын тілге тиек етті. Бұл Қостанайдағы бір ғана тұрақтың құрылысына бөлінген қаражаттан 13 есе аз.

"Рудный бойынша ешқандай мәселе болмайды: жылумен де, басқасымен де, - деп сендірді облыс әкімі. - Біз бәрін қарастырдық, республикалық бюджеттен ақша түседі. Босқа байбалам салудың қажеті жоқ, ол жақта бәрі дұрыс. Осы жылдар бойы Рудныйға қомақты қаражат бөлініп келді және бөліне береді. Рудныйда салық жүктемесі жоғары екені түсінікті, бірақ бүкіл ақша қалада қала алмайды. Бізде қаржы құюды қажет ететін тағы 20 аудан бар. Қала әкімдігі ақшаның басым бөлігін өзінде қалдырғысы келетіні белгілі. Бірақ бізде қаржыландыру күтіп отырған 20 өңір бар", - деп жауап берді әкім.

TengriAuto