Атыраудағы мектепте беймәлім газдан 22 адам уланып қалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©azh.kz ©azh.kz

Атырау облысының әкімі Жұмыскер елді мекеніндегі мектеп оқушыларының белгісіз газдан жаппай улануын мұқият тергеуге нұсқау берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тайманов атындағы орта мектепте 22 адам уланып қалған, оның біреуі - ересек адам.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысының әкімі Жұмыскер елді мекеніндегі мектеп оқушыларының белгісіз газдан жаппай улануын мұқият тергеуге нұсқау берді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігі аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тайманов атындағы орта мектепте 22 адам уланып қалған, оның біреуі - ересек адам.

Оқушылар мен мектептің бір қызметкері ауруханаға "аэрозольден этиологиясы беймәлім улану" диагнозымен жатқызылған. Зардап шеккендерге дер кезінде медициналық көмек көрсетілді, пациенттердің жағдайы бір қалыпқа түсті, олардың алды ауруханадан шыға бастады.

"Өкілетті органдар оқиғаның себебін анықтау мақсатында қажетті шараларды жүргізіп жатыр. Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов оқиға орнында және облыстық балалар ауруханасында болып, оқиғаны мұқият тексеруге нұсқау берді", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, Қазақстанның батысында балалардың жаппай улануы бір күнде екі рет тіркеліп отыр. Бұған дейін Батыс Қазақстан облысында 17 баланың астан уланғаны хабарланған болатын. Зардап шеккендердің жас шамасы - 11-16 аралығында. Балалар өздерін жайсыз сезінген, іштері өтіп, ауырған. Қазіргі уақытта оқиға орнына бактериологтер, санитар дәрігерлер, инфекционистер мен басқа да мамандардан құралған бригада аттанды. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде, өмірлеріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Мамандардың айтуынша, жағдай облыстың барлық құзырлы органдарының бақылауында, тексеру жүріп жатыр, қажетті сынамалар алынды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 510.9  course up  579.38  course up  6.4  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer