Атыраудың түнгі клубтарының бірінде ер адамды аяусыз ұрып-соққандар видеоға түсіп қалды. Видео Instagram желісіндегі "За тебя, Бәке | ZTB" парақшасында жария болды.
Атыраудың түнгі клубтарының бірінде ер адамды аяусыз ұрып-соққандар видеоға түсіп қалды. Видео Instagram желісіндегі "За тебя, Бәке | ZTB" парақшасында жария болды.
Видеодан екі жігіттің бір ер адамды ұрып-соққанын көруге болады. Біреуінің тіпті тапаншасы бар. Ер адам қарсылық көрсетуге тырысады, бірақ соңында құлап, қаскөйлер оны жұдырықпен ұрып, аяқпен тепкілейді. Олардың бұл әрекеті клубтың ішінде орнатылған видео бақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан оқиғаны көрсе де, еш әрекетсіз кетіп бара жатқан адамды байқауға болады. Төбелестің неден шыққаны белгісіз.
Ескерту, ненорматив лексика бар!
Психикасы әлсіз адамдарға бұл контентті көруге болмайды!