29 наурыз 2017 | 09:41

Атыраудағы түнгі клубта ер адамды аяусыз ұрып-соққандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудың түнгі клубтарының бірінде ер адамды аяусыз ұрып-соққандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Атыраудың түнгі клубтарының бірінде ер адамды аяусыз ұрып-соққандар анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД өкілі Гүлназира Мұхтароваға сілтеме жасап.

Оның айтуынша, видеодағы екі ер адам да жергілікті тұрғын. Осы дерекке қатысты "Бұзақылық" бабы бойынша соталды тергеу басталыпты.

Айта кетейік, оқиғаның видеосы Instagram желісіндегі "За тебя, Бәке | ZTB" парақшасында жария болған еді. 

Видеодан екі жігіттің бір ер адамды ұрып-соққанын көруге болады. Біреуінің тіпті тапаншасы бар. Ер адам қарсылық көрсетуге тырысады, бірақ соңында құлап, қаскөйлер оны жұдырықпен ұрып, аяқпен тепкілейді. Олардың бұл әрекеті клубтың ішінде орнатылған видео бақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан оқиғаны көрсе де, еш әрекетсіз кетіп бара жатқан адамды байқауға болады. 

Ескерту, ненорматив лексика бар! 
Психикасы әлсіз адамдарға бұл контентті көруге болмайды!

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети