Атыраудан Алматыға шыққан жолаушылар пойызынан орта жолда өрт шықты. Өрттің лаулай жөнелгені сондай, жолаушылар тіпті вагондағы киім-кешегінің өзін алып үлгермей қалған. Бұл туралы "31 арна" хабарлап отыр.

Өрт кезіндегі жағдайды видеоға түсірген жолаушылар оны телеарна тілшілеріне жолдап, шағымдарын жеткізді. Айтуларынша, 41-ші пойыздағы өрт күндізгі 12.00 шамасында шыққан. "Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілдері өрттен соң жүргіншілердің өзге вагондарға ауыстырылып, сапарларын жалғастырғанын айтқан. Алайда жолаушылар басқа пікірді айтып отыр. Жолаушылардың бірі Бекзат Абдоллаев вагонның толықтай өртеніп кеткенін айтады. "Біз затсыз қалдық. Киім-кешектеріміздің бәрі соның ішінде қалды. Бізге әкімдіктің де, темір жол тарапынан да ешқандай көмек көрсетілген жоқ", - деді куәгер.