Алматы шетінде жол қозғалысы ережелері бұзған ондаған көліктен тұратын кортеж видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматы шетінде жол қозғалысы ережелері бұзған ондаған көліктен тұратын кортеж видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Кортежді куәгерлер видеоға түсіріп алған. Олардың айтуынша, бұл жағдай Құлжа тасжолында болған. Видео кадрларынан кортеждің өте баяу келе жатқанын, сондықтан көлік қозғалысының қиындағанын көруге болады.
Сондай-ақ, кортеж жүргізушілерінің қарсы жолаққа шығып кетіп, бір-бірінің соңынан қуып келе жатқаны түсірілген. Сол кезде терезелердің бірінде біреудің қолында тапаншаға ұқсас заттың болғаны байқалады. Кейіннен видеода атыс естіледі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram