Атырау "мауглиі" атышулы ролик авторларын алдап соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау "мауглиі" атышулы ролик авторларын алдап соққан Кадр youtube.com cайтындағы видеодан алынды

Өзінің өзгеше қылығымен Ғаламторды дүрліктірген өрімдей жас "маугли" атышулы роликтің авторын "алдап соққан". Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өзінің өзгеше қылығымен Ғаламторды дүрліктірген өрімдей жас "маугли" атышулы роликтің авторын "алдап соққан". Бұл жөнінде Tengrinews.kz тілшісіне Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бейнероликтегі төрт аяқтап жүгіріп, өзіне лақтырылған алманы тісімен алған "маугли" Атырау облысындағы мектептердің бірінде бесінші сыныпта оқиды. Оның 12 жаста және ата-анасы бар екендігін полиция анықтады.

"Ол өзінің иттерімен жақсы дос екен. Өзін видеоға түсіріп жатқанда бәрін де әдейі істеген", - дейді Мұхтарова. Әрі баланың ата-анасымен сөйлескендерін айтты. "Оның дені дұрыс бала екендігіне көршілері және туыстары кепіл болып отыр", - дейді ІІД баспасөз қызметінің басшысы. Мұхтарованың айтуынша, полиция "мауглидің" аты-жөнін жария етпейді, өйткені мұны оның ата-анасы қаламайды.

Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында видеоға "мауглидің" түсіріп алынғандығы бұған дейін белгілі болған. Бейнероликте белгісіз біреулер баланы ит сияқты шақырып, алдына алма лақтырады. Ол алманы тістеп алып, бұта арасына қайта тығылады. Айта кетейік, осы видеоның астына пікір жазушылардың кейбірі бейнежазбаны фейк деп есептеген. Өйткені бала ішкиім киіп алған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети