Атырау облысында оқушы қыз ҰБТ-ның дайындық сынағынан соң өзіне-өзі қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында оқушы қыз ҰБТ-ның дайындық сынағынан соң өзіне-өзі қол жұмсады ©drunkcow.net

Атырау облысының Доссор елді мекенінде 11-сынып оқушысы дайындық түріндегі ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының Доссор елді мекенінде 11-сынып оқушысы дайындық түріндегі ҰБТ-ны тапсырғаннан кейін өз-өзіне қол жұмсады, - деп хабарлайды "Ақ Жайық"

Төтенше оқиға 17 ақпан күні болды. Қанатбаев атындағы мектептің 11-сыныбында оқитын қыз бала дәрі-дәрмекті көп мөлшерде жұтып қойған. "Қыз өлім алдында хат қалдырмады, бірақ бұған математика пәні бойынша дайындық сынағы түріндегі ҰБТ-дан төмен балл алуы себеп болуы мүмкін деп топшылап отырмыз. Оның сыныптастарына ҰБТ-ны сәтсіз тапсырса, өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқаны анықталды", - дейді Мақат ауданы прокурорының орынбасары Досбол Бағытжанов.

Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК 105-бабымен ("Өзін-өзі өлтіруге итермелеу") қылмыстық іс қозғалды, тергеуалды тексеріс жүріп жатыр. Еске салайық, өткен қыркүйек айында "Денсаулық және жастардың дамуы" бағдарламасының үйлестірушісі Айгүл Қадырова оқушылар арасындағы суицидтің ҰБТ-мен байланысты емес екенін айтқан еді. Оның айтуынша, бұған Қазақстандағы жасөспірімдер арасындағы өзін-өзі өлтіру оқиғаларының себептеріне арналған зерттеудің нәтижесінде көз жетті. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети