Атырау облысында жанармай бекетін тонау ісі: полицейлер жаңа мәліметтерді жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жанармай бекетін тонау ісі: полицейлер жаңа мәліметтерді жариялады

Атырауда айдың басында жанармай бекетіне шабуыл жасалған еді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда айдың басында жанармай бекетіне шабуыл жасалған еді. Полицейлер оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Таңғы уақытта Датұлы көшесіндегі автожанармай құю станциясына екі ер адам баса көктеп кіріп барған. Күзетшіні қорқытып, кассирге қауіп төндірген ер адамдар кассадан 268 мың теңге ұрлап, қашып кеткен.

Полицейлердің қылмыстың бетін ашты. Ер адамдар жалдамалы пәтерде отырып әрекеттерін алдын ала жоспарланған. "Қылмыстық топтың қозғалу құралы ретінде шетелде есепте тұрған Lada 21101 автокөлігі таңдалған. Ірі сома иеленген жағдайда, күдіктілер елден тыс жерлерге кедергісіз шығуды жоспарлаған", - деді Атырау облысы ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Көліктің шетелдік көліпен жүруі полицейлерге тергеу шараларын жүргізуге айтарлықтай кедергі келтірген. Алайда, бейнебақылау камераларының көмегімен құқық қорғау органдары қызметкерлері бір тәуліктеолардың соңына түсіп, қарақшыларды ұстады.

Пайдаланылған автокөліктің салонында ақша, травматикалық тапанша, маскалар табылды. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігі ("Қарақшылық") бойынша жүргізіліп жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети