Атырау облысында жоғалып кеткен екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жоғалып кеткен екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды © unsplash.com

Атырау облысында жоғалған екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды, куәгерлердің айтуынша, оларды бір әйел таксиге отырғызып, алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жоғалған екі бала үйінен 150 шақырым жерде табылды, куәгерлердің айтуынша, оларды бір әйел таксиге отырғызып, алып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңір прокуроры Ернат Сыбанқұловқа сілтеме жасап. 

Прокурордың айтуынша, балалардың жоғалғаны туралы хабар Мақат аудандық ішкі істер бөліміне 28 қыркүйекте сағат 20.30-да түскен. Полицейлер 4 жасар қыз бен 5 жасар баланы іздеуге кіріскен. "Дабыл бойынша аудан полициясының барлық жеке құрамы іздеуге кірісті, кейінірек көрші аудандардың полицейлері кірісті, прокуратура органдарының координациясымен балаларды іздеуге бұған бей-жай қарай алмаған тұрғындар да атсалысты", - деді Сыбанқұлов.

Ол 22.00-де балаларды "Телемұнара" жақтан көргендер болғаны жайлы бірінші хабар түскенін хабарлады. Куәгер кәмелетке толмаған балаларға өзімен бірге жүруін сұраған, алайда балалар қашып кеткен. Шамамен сағат 22.20-да балаларды бөтен әйелдің таксиге отырғызып, алып кеткені жайлы хабар түскен, бұл ауданның тұрғындары осы маңда өз-өзіне есеп бермейтін бір әйелді көргенін айтқан. 

Ал түнгі 4.00-де балалар Жылыой ауданындағы Құлсары қаласынан табылыпты. "Ең бастысы балалардың денсаулығына зиян келмеген, олар тоңып қалған, аш болған. Оларға ата-аналары тез арада жеткен. Болжам бойынша, оларды белгісіз әйел алып кеткен, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы (Адам ұрлау) бойынша соталды өндіріс басталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети