Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген © REUTERS

Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысындағы "ҚазТрансОйл" АҚ нысанында мұнай төгілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2018 жылдың 15 қаңтарында болған.

"2018 жылдың 15 қаңтарында Атырау облысында сағат 12.42-де (Астана уақытымен) "ҚазТрансОйл" АҚ Құлсары мұнайқұбыры басқармасының А. Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясында қуат көзімен қамтамасыз ететін ұйым тарапынан қуат көзінің төмендеп кетуінің нәтижесінде № 7 қыздыру пешінің ысырмалы электр жетегі қысымтығының толықтай ашылуымен өрттен қорғау дабылы қосылды. Ысырмалы қысымтықтың ашылуының салдарынан мұнай дренаждық сыйымдылық пен қарлы жерге тарады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компаниядағылардың айтуынша, қазіргі таңда төгілген жер бетінен мұнай тазартылып, топырақ құнарлығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Төгілген мұнайдың көлемі анықталып жатыр.

Сондай-ақ, төтенше жағдайдан ешкімнің зардап шекпегені айтылады.

"ҚазТрансОйл" АҚ мүлкі мен өндірістік нысандарына зақым келген жоқ. Оқиға Өзен-Атырау-Самара магистральды мұнай құбыры арқылы өтетін мұнай тасымалы үрдісіне әсер етпеді. Оқиға болған жер тұрғылықты аудандардан қашықтықта орналасқан, қоршаған ортаға залал келтірілген жоқ. Қазіргі таңда оқиғаның себеп-салдарын анықтау мақсатында тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады компанияның өкілдері.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.33   566.72   6.77 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +22
Астана +22
Ақтау +26
Ақтөбе +20
Атырау +29
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +23
Қ
Қарағанды +22
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +24
П
Павлодар +19
Петропавл +25
С
Семей +22
Т
Талдықорған +27
Тараз +29
Түркістан +24
О
Орал +21
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +26

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер