Атырау перзентханасында төтенше жағдай: Нәресте мен анасы көз жұмды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау перзентханасында төтенше жағдай: Нәресте мен анасы көз жұмды

Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел адам сәбиімен бірге көз жұмды. Төтенше жағдай қарашаның 9-на қараған түні болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облыстық перинаталдық орталығында әйел адам сәбиімен бірге көз жұмды. Төтенше жағдай қарашаның 9-на қараған түні болған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

"Қайғылы оқиға 8 қарашада болды, әйелдің өкпесінде сырқаты болатын", - дейді дәрігерлер. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері деректі растағанымен, мән-жайын ашып беруден бас тартты. 

"Ак Жайық" басылымының жазуынша, әйел адам бір аптадан кейін босануы керек болатын. Ауруханаға жатқызылғанға дейін оның екі күн ыстығы көтеріліп жүрген. Ол орталықтың жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

Айта кетейік, осы перзентханада Кесарев тілуінен кейін егіздерді дүниеге әкелген әйел көз жұмған еді. Әйелдің туыстары оның өліміне дәрігерлерді кінәлап, 25 жастағы туысының денесін эксгумациялауды талап етіп отыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети