Атырауда драма театрынан өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда драма театрынан өрт шықты Видео кадрынан

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда Махамбет Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Куәгерлердің айтуынша, театрға жалғана салынған ғимарат жанып жатыр. Редакцияға видео мен фото келіп түстіү Қазақ драма театры қала ортасындағы Абай көшесінде орналасқан. 

Атырау әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлы өрт орнына келді. "Қазіргі уақытта жедел штаб құрылды, 9 техника мен 50 өртсөндіруші жұмыс істеп жатыр. Өрттің себебі анықталғаннан кейін қалыпқа келтіру жұмысы басталады", - деді Атырау әкімі. 

Құттымұратұлы драма театрының ғимаратына екі ай бұрын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген.  

ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовтің мәлімдеуінше, 14:30-да Атыраудың "101" пультіне М. Өтемісұлы атындағы Қазақ драма театрында өрт шыққаны жайлы хабар түскен. 

"Екінші қабатта электрқалқан жанып, кейін от ғимараттың шатырына тараған. Өрттің болжамды аумағы - 1500 шаршы метр. Өртті сөндіруге жеке құрамның 40 адамы мен ТЖД-нің жеті техникасы жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері драма театрының аумағын қоршады", - деді Нұрахметов. 


Фото мен видео куәгерлерден.

Өрттің себебі, аумағы мен басқа да мәліметтер анықталып жатыр. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети