Атырауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда полицейлер мінген көлік жол апатына ұшырады Куәгер жолдаған сурет

Атырауда жол-патрульдік қызметінің көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жол-патрульдік қызметінің көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды "Мой Город" басылымы.

Жол-көлік оқиғасының суреттері Instagram желісіндегі zello-atyrau парақшасында жарияланды. Жол апаты 12 наурызда кешкі уақытта "Жұмыскер" мен "Балықшы" ықшамаудандарын байланыстырып тұратын көпір жақта болған. Ішінде жол полицейлері болған Volkswagen Polo мен Lada Priora көлігі соғысқан. Алған соққыдан екінші көлік аударылып кеткен.

"Жол-көлік оқиғасының мән-жайы анықталып, зардап шеккендерге қатысты мәліметтер тексеріліп жатыр", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.


© Куәгер жолдаған суреттер

Сондай-ақ, 12-нен 13 наурызға қараған түні сағат 1.00-де тағы бір жол апаты болған. Онда үш адам зардап шегіп, олар облыстық ауруханаға жеткізілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети