Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды

Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда төрт қыз бен жігіттің төбелесі неден шыққаны анықталды, - деп хабарлайды "Мой город".

Атырау облыстық ІІД өкілдерінің хабарына қарағанда, видеодағы ер адам Қызылқоға ауданының Миялы ауылының тұрғыны екен, ол таңғы уақытта "Молекула" диско-барына келген. Онымен төбелескен қыздардың жасы 26, 25, 20 және 18-де екен. Ең қызығы, төбелестен жігіт жәбірленуші болып танылыпты.

Қыздар полицияға берген түсінігінде екі қыз болып, кафеге барғанын айтқан. Сосын бардың алдында оларды тағы екі құрбысы күтіп тұрған. 

"Олар диско-барға келгенде екі жігіт төбелесіп жатқан, солардың бірі әлгі төрт қыздың біріне тиіп кетіп, қыз жерге құлаған. Мұны көрген үш қыз төбелескен жігіттердің бірінен өш алмақ болып, жанжал басталған. Сосын бұл төбелес көшеде жалғасқан", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталыпты.

Мұның алдында Желіде төрт қыз бен бір жігіттің төбелескені түсірілген видео пайда болған еді. Видеодан қыздардың бірінің алкоголь шөлмегін жігіттің басынан ұрып жарғаны көруге болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети