Атырауда жантүршігерлік жол апатынан студент жігіт қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жантүршігерлік жол апатынан студент жігіт қаза тапты

Атырауда жаяу жүргіншіге арналған жолда 2002 жылғы жігітті көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык".  

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жаяу жүргіншіге арналған жолда 2002 жылғы жігітті көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "Ак Жайык".  

Оқиға сенбіде, 21 қыркүйекте Баймұханов көшесінде болды. Toyota Camry автокөлігі (Мемлекеттік нөмірі ресейлік) жасөспірімді қағып кетті. 

Әлеуметтік желіде жол апаты болған көшедегі бейне бақылау камералары түсірген видеолар жарияланды. Видеода автомобильдің асқан жылдамдықпен жасөспірімді қағып, ондаған метрге ұшырып жібергенін көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан жігіттің аяғы жұлынып кеткен.  

View this post on Instagram

A post shared by Million_kz001 (@million_kz001) on


Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Toyota жүргізушісі Атыраудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР 345-бабының 3-бөлігі бойынша, қылмыстық іс қозғалды. 

Қаза болған жігіт Атыраудағы колледждердің бірінде үшінші курста оқыған.


© azh.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети