Атыраудан Алматыға бара жатқан пойызда орта жолда өрт шыққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудан Алматыға бара жатқан пойызда орта жолда өрт шыққан © "31 арна" кадры

Атыраудан Алматыға шыққан жолаушылар пойызынан орта жолда өрт шықты. Өрттің лаулай жөнелгені сондай, жолаушылар тіпті вагондағы киім-кешегінің өзін алып үлгермей қалған. Бұл туралы "31 арна" хабарлап отыр.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атыраудан Алматыға шыққан жолаушылар пойызынан орта жолда өрт шықты. Өрттің лаулай жөнелгені сондай, жолаушылар тіпті вагондағы киім-кешегінің өзін алып үлгермей қалған. Бұл туралы "31 арна" хабарлап отыр.

Өрт кезіндегі жағдайды видеоға түсірген жолаушылар оны телеарна тілшілеріне жолдап, шағымдарын жеткізді. Айтуларынша, 41-ші пойыздағы өрт күндізгі 12.00 шамасында шыққан. "Жолаушылар тасымалы" компаниясының өкілдері өрттен соң жүргіншілердің өзге вагондарға ауыстырылып, сапарларын жалғастырғанын айтқан. Алайда жолаушылар басқа пікірді айтып отыр. Жолаушылардың бірі Бекзат Абдоллаев вагонның толықтай өртеніп кеткенін айтады. "Біз затсыз қалдық. Киім-кешектеріміздің бәрі соның ішінде қалды. Бізге әкімдіктің де, темір жол тарапынан да ешқандай көмек көрсетілген жоқ", - деді куәгер.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети