Атышулы Назар Роллан мас күйде көлік жүргіземін деп қолға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атышулы Назар Роллан мас күйде көлік жүргіземін деп қолға түсті

Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін жазаланған алматылық Назар Роллан Porsche көлігін мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылында жол қозғалысы ережесін бірнеше рет өрескел бұзғаны үшін жазаланған алматылық Назар Роллан Porsche көлігін мас күйде жүргізген, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

Достық даңғылының бойымен келе жатқанда оны жол-патрульдік полициясы Абай даңғылымен қиылысқан тұста тоқтатқан. Көлік жүргізу құқығынан айырылған Назар Роллан автокөлікті жеңіл түрде мас бола тұра көлік жүргізген. 

Кейін Назар Ролланның ісі сотта қаралып, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы 6-бөлігі ("Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру") бойынша жауапкершілікке тартылды. 

"Ол өз кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкініш білдірді. Сот үкімімен Роллан 20 тәулікке қамалды. Сот үкімі заңды күшіне енді", - деді қалалық сот баспасөз қызметінің өкілдері.

Назар Роллан жол қозғалысы ережелерін бұзып, оны видеоға түсіріп, Instagram желісіне жүктеген. Ол алты айға көлік жүргізу құқығынан айырылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети