Аудан әкімі педагогтың өліміне себепші болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аудан әкімі педагогтың өліміне себепші болуы мүмкін ©Vesti.kz

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында лицей ректорының орынбасары өзіне-өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам өзін аудан әкімі өлімге итермелегенін айтып, соңғы жазба қалдырған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында лицей ректорының орынбасары өзіне-өзі қол жұмсады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ер адам өзін аудан әкімі өлімге итермелегенін айтып, соңғы жазба қалдырған.

Ақтоғай елді мекеніндегі кәсіптік лицей ректорының 52 жастағы орынбасары өз үйінде асылып қалған. Оны туыстары өлім алдындағы жазбасымен бірге тауып алды. Онда "Менің өліміме аудан әкімін кінәлауды сұраймын" деп жазылған.

"Ақтоғай ауданының әкімі Ниқанбай Омарханов педагогты өзін-өзі өлтіруге итермеледі дегенді біз тіпті елестете алмай отырмыз. Марқұм әкімдіктегі жұмыс кеңестеріне қатысып жүрді, олардың арасында ешқандай жанжал болған емес", - дейді аудан әкімдігі кеңсесінің қызметкері.  

Қазір полиция бұл оқиға бойынша тергеуалды тексеріс жүргізіп жатыр. Лицей әкімшілігі қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети