Аударылып қалған инкассаторлар автокөлігі Еуразиялық банкке қызмет көрсетеді, - деп жариялайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аударылып қалған инкассаторлар автокөлігі Еуразиялық банкке қызмет көрсетеді, - деп жариялайды Tengrinews.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алдын ала таратылған деректер бойынша, апатқа кінәлі Toyota Windom автокөлігінің жүргізушісі болған, ол жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Жол-көлік оқиғасы кезінде инкассаторлық көлікте ақшалай қаражаттар немесе банктің басқа да материалдық құндылықтары болған жоқ", - деп мәлімдейді "Еуразиялық банк" АҚ баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуірде Алматыда инкассаторлардың автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат 12.00 шамасында Сүйінбай даңғылының Рысқұлов даңғылынан төмен тұсында болды. Инкассаторлар көлігі оңтүстік бағытпен келе жатып, солтүстікті бетке алған Toyota Windom көлігімен соқтығысып қалған. Әзірше жол-көлік оқиғасына кімнің кінәлі екені белгісіз. Оқиғаның салдарынан инкассаторлық көліктегі екі адам мен Toyota салонындағы үш адам зардап шекті.