Ауғанстанда болған жер сілкінісі Шымкент және Таразда да аздап байқалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан Республикасы Сейсмологиялық тәжірибе - әдістемелік экспидициясы" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап.

Сейсмологиялық орталық 14 маусым күні Астана уақытымен 9.58-де болған жер сілкінісін тіркеді. Жер асты дүмпуі ошағы Алматының оңтүстік-шығсында 888 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағындағы, Файзабад қаласының маңында орналасқан. Дүмпудің магнитудасы 6,2, ал тереңдігі 250 шақырым. Ауғанстанда болған жер сілкінісінің әсері Қазақстанның оңтүстік аймақтарына да жеткен. Шымкент пен Таразда 2-3 баллдық жер сілкінісі байқалған. Оның салдарынан зарқап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 9 маусым күні жер асты дүмпуі Қытай аумағында үш шақырым тереңдікте болған. Оның магнитудасы 4,8 болған. .Жер сілкінісінің ошағы Талдықорған қаласының шығысынан 200 шақырым қашықтықта, ал Жаркент қаласының солтүстік шығысынан 85 шақырым қашықтықта орналасқан. Зардап шегушілер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Келесі күні 4,5 магнитудалы жер сілкінісі қазақ-қытай шекарасында, Алматының солтүстік шығысынан 349 шақырым қашықтықта болды.