"Ауламызда жыныстық қатынасқа түсетіндер көп". Астаналық әйел министрге шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ауламызда жыныстық қатынасқа түсетіндер көп". Астаналық әйел министрге шағымданды

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа астаналық әйел үй ауласында жыныстық қатынасқа түсетіндердің үстінен шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовқа астаналық әйел үй ауласында жыныстық қатынасқа түсетіндердің үстінен шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрдің халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғыны Валентина Волошина сұрақ қойды. 

"Көп жылдан бері полицияға қоғамдық көмек көрсетушімін, аулада белсендімін. Мен ең ыңғайсыз аулада тұрамын. Интернеттен біздің аулада бір жыл ішінде төрт мәрте зорлау оқиғасы болғанын және бір рет кісі өлтіру дерегі тіркелгенін білдім. Қуыс аула, онда Шәкен Айманов көшесіндегі жатақханалар орналасқан. Көп жыл бойы бейнебақылау камерасын орнатуды сұрап келдік, сәуірде әйтеуір орнатты, бірақ олар іске қосылмады. Ал таяуда балалар алаңы жасалды. Енді ол жақта түнде сыра ішетіндер көбейді, патрульдік полиция келіп, оларды қуып жүреді. Баласы бар әйелдер де арақ ішіп жүреді, олармен қалай күреспекпіз. (...) Бізде алкоголь ішіп қана қоймайды, жыныстық қатынасқа да түсетіндері бар, мүшеқап тастап кетеді. Таңертең шықсаң, қарай алмайсың аулаға. Учаскелік полицейлер бұған қарамайды. Таңертең тұрсаңыз балалар алаңы емес, қоқыс төгетін жер сияқты", - деп шағымданды астаналық әйел. 

Министр қала билігінен бұл мәселені шешуді сұрады. 

"Осы мәселе бойынша мәселеңізді түсініп отырмын. Бізде сондай аулалар бар. Барлық аулаға патрульдік полиция қоя алмаймыз. Бұл мәселені тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы мен жергілікті атқару билігі шешеді. (...) Сұрағыңызға рақмет. Мұнда қала билігінің өкілдері бар ма? Мәселені шешіңіздер. Бұл ауланы бақылауға алыңыздар", - деді Қасымов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети