Ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім отставкаға кету туралы өтініш берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл тұрғындарын балағаттаған әкім отставкаға кету туралы өтініш берді Видео кадры

Жиында ауыл тұрғындарын балағаттаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылының әкімі Болат Жасыбаев отставкаға кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жиында ауыл тұрғындарын балағаттаған Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе ауылының әкімі Болат Жасыбаев отставкаға кету туралы өтініш берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Экс-әкім видеоүндеу жариялап, оқиға Еңбекшіқазақ ауданындағы Төле би және Алмалы ауылдарына ауыз суын тарту мәселесі қозғалған кезде болғанын айтты. Болат Жасыбаев өзін ұстай алмағаны үшін кешірім сұрап, неліктен мұндай қадамға барғанын түсіндірді. 

"Ауыл тұрғындары мейрам күндері менің немен айналысқанымды, қандай жағдайда жүргенімді біледі. Күні бойы су құбырының жөндеу жұмыстарымен және ауыз сумен қамту мәселесімен жүрдім", - деді ауыл әкімі. 

Алматы облысы баспасөз қызметінің мәліметінше, ауыл әкімінің қызметінен босату туралы өтініші негізінде аудан әкімі тиісті бұйрық шығарды.

Еске салайық, кеше, 12 наурызда Алматы облысы Көктөбе ауылдық округінің әкімі жиын кезінде тұрғындарды балағаттаған видео Желіге жарияланған. 

"Біз видеоны тексеріп, Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің өкілдерімен сөйлестік. Қазіргі уақытта ауылдық округ әкімін жұмыстан босату бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Шешім қабылданды. Облыс әкімінің тапсырмасы бар. Енді тек құжаттарды рәсімдеу керек", - деген еді облыс әкімінің баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети