11 қазан 2022 | 09:26

Ауырып, қозғала алмай қалған: Ақтөбе облысында жоғалған жасөспірім табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 17 жастағы жасөспірім далада адасып қалды. Ол іші ауырғандықтан қозғала алмай, түні бойы далада жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ақтөбе облысында 17 жастағы жасөспірім далада адасып қалды. Ол іші ауырғандықтан қозғала алмай, түні бойы далада жатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Оқиға Мәртөк ауданында болған. Жасөспірім мотоциклмен мал іздеп шыққан, бірақ өзі із-түзсіз жоғалып кеткен. Оны іздеуге үш құтқарушы, 10 полиция қызметкері және ауылдың 35 тұрғыны шыққан.

Бірінші күні олар жігітті кешкі сегізден түн ортасына дейін іздеген. Қараңғы болғандықтан бәрін тоқтатуға тура келген. Таң атқанда олар тағы да іздеуге кірісіп, бір-екі сағаттан кейін оны орман белдеуінде, жерде қозғалмай жатқан жерінен тапқан. Ол іші ауырғандықтан қозғала алмай, түні бойы далада жатқаны белгілі болды.

"Дронның көмегімен Мәртөк ауылынан 10 шақырым жерден 2004 жылы туған азамат табылды. Ол жерде ес-түссіз жатқан. Ішінің қатты ауырсынуына шағымданды, сондықтан қозғала алмай қалған", - деді Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің инженері Ақылбек Успанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети