01 қазан 2014 | 16:21

Авиаотын ұрлығы үшін әуежайдың 2 қызметкері жұмыстан шеттетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS/Shaun Best ©REUTERS/Shaun Best

Ақтөбе әуежайының екі қызметкері әуе отынын ұрлау дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іске байланысты жұмыстан шеттетілді, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе әуежайы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Құспан хабарлады. Ақтөбе станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің мәліметінше, әуежайдан бірнеше тонна авиаотын ұрланған.

Иконка комментария блок соц сети

"Прокуратура істі сотқа жолдады, соттың шешімі шықпайынша, біз оларды жұмыстан шығара алмаймыз. Әзірше олар жұмыстан шеттетілді, олардың Ақтөбе әуежайы аумағына кіруге рұқсат етілмейді. Олар - жүргізушілер. Қазіргі уақытта авиаотын ұрлығы дерегі бойынша істі сот қарағалы жатыр, оқиғаға қатысты басқа мәліметтер белгісіз, мен бір апта бұрын ғана жұмысқа кірістім", - деді Құспан. 

Еске сала кетейік, жылдың басында Оңтүстік Қазақстанда келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери авиаотын ұрлады деп айыпталған еді. Тергеудің мәліметінше, ол 2013 жылдың 13 қарашасында жанар-жағармай қоймасын күзеткен, істің тағы бір фигурантымен бірге көрші әскери бөлім қоймасының аумағына кіріп, сыйымдылығы жеті тонна болатын цистернаға авиаотын құйып алмақ болған. Бірақ Оңтүстік аймақтық әскери-тергеу басқармасының Шымкент бөлімінің қызметкерлері оларды оқиға орнында ұстап алды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети