Автобус жолға шығарда тексерістен өтті. Бұл туралы "Сант" ЖШС директоры Абдумажид Низамов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Автобус жолға шығарда тексерістен өтті. Бұл туралы "Сант" ЖШС директоры Абдумажид Низамов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Автобус 2008 жылғы. Тексерістен өтті, техникалық байқаудан өткен. Осыған дейін таңертең де тексерістен өтті. Тежегіштің неліктен істен шыққанын білмейміз. Сараптама жүргіземіз, анықтайтын боламыз", - деді Низамов.
"Жүргізуші жол бойы жүргізіп келгенде ешқандай ақау болмағанын, барлығы қалыпты жұмыс істегенін айтады. Аялдамаға кірерде тежегіші істеп тұрған, ал шыға бергенде ол істен шыққан", - деді ЖШС директоры.
Оның айтуынша, барлық зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетіледі.
Айта кетейік, "Гринбас" ЖШС Бауыржан Құлышевтің айтуынша (екінші автобус), жол-көлік оқиғасына байланысты қалалық көлік қозғалысының бағыты уақытша ауысқан.
"Алтынсарин, Қуанышбаев және Ұлықбек көшелерінің қиылысында болған ірі жол апатына байланысты солтүстік және оңтүстік бағыттарда көлік қозғалысы жартылай тоқтатылды. Осыған орай: № 11 троллейбус, № 37, № 45, № 63, № 66 бағыттағы автобустар бағытын өзгертті", - деді Құлышев.
Еске салайық, 11 маусымда Алматыда автобустың тежегіші істен шыққан. Салдарынан 5 машина қирады. ГАЗель мен екі автобус бүлінді. Оқиға Алтынсарин көшесінің бойында Ұлықбек пен Қуанышбаев көшелерінің аралығында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 124-ші бағыттағы автобус Алтынсарин көшесімен солтүстіккке қарай бет алған. Оның тежегіші істен шыққан. Бірінші болып ол BMW көлігін соғп, оны тұрақта тұрған машиналарға ұшырып жібереді. BMW 63-ші бағыттағы автобусты соғады.